«Дос би» ЖШС ұжымымен кездесу өтті

Oinet.kz 05-01-2021 634

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер – Сапаров Әбдімүтәліп Мүслімұлы «Дос би» ЖШС ұжымымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша экспромт-кездесу өткізді.

image.png

Кездесу барысында 2021 жылы 4 ауылдық округте 2023 жылы Келтемашат ауылдық округі жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырылып, жарықтандыру жүйелерін орнатылатындығын және (2024 жылы Қайыршақты – 1,5 ш.қ., 2025 жылы Даубаба-1 – 3,5 ш.қ.) ауыз су жүйелерін тартуға ықпал ететіндігін айтты.

Сонымен қатар Келтемашат ауылдық округінің шақырымдық жолдары орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

image.png

«Дос би» ЖШС 1996 жылы құрылған болатын. ЖШС-тің төрағасы – Тлеулесов Асет. Негізгі айналысатын шаруашылығы – ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді және асыл тұқымды ірі қара мал бағады. ЖШС-тің өзінің тәулігіне 3 тонна сүт өндіретін жеке мини цехы бар.

Бұл шаруашылықта тұрақты түрде 70 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда мал қыстату науқаны болып жатыр. Шаруашылық ұжымы бірауыздан NUR OTAN-ды қолдайтындарын айтып, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

Nur Otan партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қоры қаражатынан төленді

​Үміткер - Оспанов Ерік Серікұлының қатысуымен тікелей эфир өткізілді
Майтөбе ауылында күрес, бокс залдарының құрылысы бастау алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу