Майтөбе ауылында күрес, бокс залдарының құрылысы бастау алады

Oinet.kz 03-01-2021 744

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер - Ж.Ақылбаева, Л.Бегимова Мәйтөбе аулының тұрғыны Омарбековтар әулеті, көп балалы ана, "Алтын алқа" иегері Омарбекова Ханым апаның шаңырағында одан бөлек тағы бір шаңырақта қонақта болып, канвассинг-кездесулерін өткізді. 

image.png

Кездесу барысында кандидаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 5 жыл ішінде атқаратын жұмыстапрымен таныстырып өтті. Сайлауалды бағдарлама шеңберінде бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасалынатындығы көрсетілген. Атап айтқанда, 2021-2025 жылдары Мичурин ауылдық округі, Майтөбе ауылындағы спорт ғимаратына қосымша күрес, бокс залдарының құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жүргізіледі деді. Сонымен қатар, Мичурин ауылдық округінің асфальт жолдары орташа жөндеу жұмыстарынан өткізілетіндігі айтылды.

Nur Otan партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қоры қаражатынан төленді

«Дос би» ЖШС ұжымымен кездесу өтті
Үміткерлер Дәубаба-1 ауыл тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу