Өрімдей жас депутат Мәди Ахметов өзін жағымпаз дейтіндерге жауап берді

Oinet.kz 17-01-2021 7267

Мәжілістегі ең жас депутат "Азат алаң" бағдарламасына берген сұхбатында өзін жағымпаз дейтіндерге жауап берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мәди Ахметов.jpg

Еске сала кетейік, кезінде Мәди Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш орнату керек деп ұсыныс айтқан болатын. Осыған байланысты ел ішінде Ахметовты жағымпаз дейтіндер күрт көбейді. Ахметов осы сынға өз нүктесін қойды. 

- Бұл түсінікті әркім өз бетінше қабылдайды. Қаншама адам болса соншама пікір. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз. Кім тырнақтың астынан кір іздегісі келсе ол адам онымен айналысады. Біз енді Мәжіліске жұмысқа кірісеміз. Сөзбен емес, нақты іспен өз жұмысымызды көрсетеміз. Жұмысты жалғастырамыз. "Көрмес түйені де көрмес" деген қазақтың жақсы сөзі бар. Сондықтан да "біріңді қазақ біріңді дос, көрмесең істің бәрі бос" деп Абай айтпақшы, керісінше қиын-қыстау кезеңде бір-бірімізді қолдап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, елдікті, мемлекеттікті ойлауымыз қажет деп ойлаймын, - деді Мәди Ахметов. 

Кіндік шешеңіз кім екенін білесіз бе?
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу