«Сөзден гөрі іске ден қояды» - Берік Уәли Президент туралы айтты (видео)

Oinet.kz 06-04-2021 729

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта отандық телеарна тілшілерімен жүздесіп, халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап қатады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Хабар 24 арнасына берген сұхбаты барысында айтты. 

Тоқаев.jpg

Ел билігі ашық ақпараттық саясат ұстанады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асуы да соның дәлелі. Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасын өзі жүргізіп, қоғам арасында қызу талқыланатын мәселелерді үнемі бақылап отырады. Ұлттық сенім кеңесінің құрылуы да азаматтарымызды мазалайтын түйіткілдерді заң жүзінде шешуге бағытталған. Берік Уәли Мемлекет басшысының коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина салғызатынын да тілге тиек етті. 

- Президент енді көп сұхбат беріп, сөйлеп, осындай пікір алмасқаннан гөрі біздің Президент істің адамы десек болады. Көп жағдайда сөзден гөрі іске ден қойып, тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалайды. Ал телеарналарға сұхбат беруге келетін болсақ, жалпы ол ойда бар - деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Түркиялық БАҚ өкілдері туя ағашын екті
Шымкент: Кәсіпкерлер үшін қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу