Заңбұзушылық анықталып тиісті шара қолданылды

Oinet.kz 10-06-2021 793

Screenshot_9.jpg

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан  Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен 2021 жылдың мамыр айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған  №5595471-2 «Залалсыздандырғыш заттар сатып алу»  мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған. 

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

С.Баетов,

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы

Сайрамда мемлекеттік тапсырыс саласында заңбұзушылық анықталды
Арыс қаласында заңбұзушылыққа жол берілген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу