Арыс қаласында заңбұзушылыққа жол берілген

Oinet.kz 10-06-2021 887

Screenshot_9.jpg

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  2021 жылдың ақпан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған  №5407995-1 «Зейнеткерлердің санаторлы-курорттық емделуі»  мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған. 

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталына түзілген 06.04.2021 жылғы қорытындылар хаттамасына сәйкес, конкурстық комиссия тарапынан әлеуетті өнім беруші "Мельдеева А.А." ЖК-і-не конкурсқа қатысуға рұқсат беріліп, жеңімпаз ретінде айқындалған.

Алайда, аталған әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, Департамент тарапынан хабарлама жолданған.

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

А.Атымтаев, 

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманның м.а. 

Заңбұзушылық анықталып тиісті шара қолданылды
Дамыған қоғам негізі - заңның қатаң сақталуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу