Дамыған қоғам негізі - заңның қатаң сақталуы

Oinet.kz 10-06-2021 978

Screenshot_10.jpg

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен  2021 жылдың мамыр айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жалпы соммасы 18 713 004, 66 теңгеге жарияланған №5841518-1 «Азық-түлікті сатып алу» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 37 бабы 1 тармағында, егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады делінген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Заңның 37 бабының 1 тармағының талаптарын сақталмағаны анықталған. 

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

А.Атымтаев,  

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманның м.а. 

Арыс қаласында заңбұзушылыққа жол берілген
Ордабасыда оң өзгерістер жасаған Тұрашбеков Түркістанға әкім болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу