«Эпидахуал қолайсыз» - әкімдікке тапсырма берілді

Oinet.kz 23-06-2021 1084

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып қалып отыр: соңғы аптада КВИ жұқтыру саны өсуі 43 пайызға тең болды, төсек-орын жүктемесінің артқаны және емдеуге жатқызылатын науқастар санының ұлғаю тенденциясы байқалады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Алексей Цой.jpg

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында мәлім болды.

Сонымен қатар, кеңесте Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы тарапынан қаланың медициналық мекемелері эпидемияға қарсы режимнің бұзылғандығы, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмектің уақытылы көрсетілмейтіндігі мен сапасыздығы, сондай-ақ мониторингтік топтар жұмысының әлсіреуі, халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді. 

- Биылғы мамыр айында елорда бойынша халықты КВИ-ға қарсы иммундау көрсеткіші сәуір айымен салыстырғанда 50 пайызға төмендеген. Барлық анықталған кемшілік бойынша Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бір апта ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін оларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды, - делінген хабарламада.

Бұл мәселе ВАК-тың тұрақты бақылауында болатыны айтылады.

«Мен өлгім келмейді деп жылаған еді»: - Аяжан Еділованың әпкесі
«Үкіметтің ойынша бәрі керемет» - белгілі саясаткер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу