Көгалдандыру жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

Oinet.kz 07-08-2021 563

Шымкенттің келбетін келісті етіп, әрін арттыратын– оның жайқалған жасыл желегі. Қаланың шырайын шұғылалы ету мақсатында Әл-Фараби ауданын жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында жасыл-желектерді суғару, газондарды қырқып ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. 

image.png

Сондай-ақ, тал-теректер отырғызып, оларға күтім жасау – ауданымыз үшін аса маңызды әрі қажетті жұмыстардың бірегейі.  Биыл көктемде ауданның басты көшелерінің бойына қондырылған  туя  шыршалары тамырын кеңге жайып, жақсы өніп-өсуі үшін оларға арнайы қоршаулар жасалды. Шыршаларға суғару, күтіп баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Аталған жұмыстар «Build stroi» мекемесі тарапынан жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғаса бермек.

image.png

Қоғамдық көліктер мен базарларға бақылау күшейтілді
Қазақи киінген жастардың оғаш суреті салынған парақша желі қолданушыларын ашуландырды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу