«Тәліптер бүкіл әлемді алдағысы келіп отыр» - ауған студенті

Oinet.kz 24-08-2021 2659

Қазақстандық университетте төртінші жыл оқып жатқан ауған азаматы өз еліндегі жағдай жанына батып жүргенін жеткізді. Ата-анасы мен туыстары үшін алаңдаған шетелдік студент қазіргі сәтте ауған қоғамында қалыптасқан ішкі ахуалдың қандай сипат алғанын айтып берді.

image.png

Елінде қалған туыстарына зияны тиіп кетпес үшін сұхбатта шын аты-жөнін жасырын ұстауды жөн көрген студент өзін Әмір деп атауды өтінді. Әмір Қазақстанда биыл төртінші жыл оқып жатыр. Ата-анасы Ауғанстанның солтүстігінде тұрады.

- Қазір ата-анамның жағдайы жақсы. Оларға тиіскен жоқ (тәліптер - ред.). Бірақ тәліптер көзбояушылық жасап, бүкіл әлемді алдағысы келіп отыр. Олар өздерінің саясаты өзгергенін көрсеткісі келеді. Бірақ шындығында олар сол қалпы. Біз күтеміз. Бізге ақырын күтуге тура келеді. Бір айдан соң көреміз. Олар жаңа билік жасақтайтынын мәлімдеді. Ата-анаммен хабарласып тұрамын. Бірақ бәрібір олар үшін уайымдаймын. Өйткені билікті лаңкестер басып алды. Мен оларға сенбеймін. Олар ешкімге тиіспейміз деп айтты. Бұрынғы әскерилерге, өз еркімен берілген жауынгерлерге тиіспейміз деді. Бірақ ауған халқы оларға сенбейді. Мен ата-анамды бейбіт елге алдыртқым келеді. Олар тыныш өмір сүрсе екен деймін. Ауғанстан халқы соғыстан шаршады. Бұдан былай біздің елде соғыс болғанын қаламаймыз. 20 жыл бойы шыдадық. Мен барлық адамдардың тыныш, бейбіт өмір сүргенін қалаймын, - дейді Әмір.

Шетелдік студент ауған халқының елінен еріксіз кетіп жатқанын алға тартты.

- Ауғанстанда халық өз елін, жерін тастап кеткісі келмейді. Бірақ ол жақта сұмдық жағдай орын алды. Бұл ойын емес, бұл қалжың емес. Ешкім өмірін тәуекелге қиып, лаңкестерге сенгісі келмейді. Сол үшін көбісінің Ауғанстанда қалғысы жоқ. Біз өз елімізді сүйеміз. Отаның - ол анаң сияқты, - дейді студент.

Әмір елдің экс-президент Ашраф Ганидің әрекетіне де қатысты өз ойын айтты.

- Президентке соңына дейін күрсеу керек еді. Ал ол кетіп қалды. Ешкімге ескертпей. Ол қазір Дубайда.

дереккөз: kaz.nur.kaz

«Әр зейнеткерге 59 мың теңгеден беріледі» - Еңбек министрлігінің түсініктемесі
Мұхтар Тайжан Құрмет Талапқазыға 300 мың теңге жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу