Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Oinet.kz 28-09-2021 996

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегін 4 желтоқсанда өткізеді. Ол анголалық Манел Капемен кездеседі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

image.png

Қазақстандық спортшы алдағы жекпе-жегі туралы Instagram-парақшасында жариялады. Бұл Жұмағұловтың UFC-мен жаңа келісімшарты бойынша бірінші жекпе-жегі.

Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 199 турнирінде өтеді. Жапондық Rizin Fighting Federation федерациясының экс-чемпионы, анголалық боксшы Манел Капе қазақстандыққа қарсылас болады.

Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін шілдеде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 264 турнирінде өткізіп, америкалық Джером Ривераны қылғындыру әдісімен жеңді. UFC-мен жаңа келісім бойынша төрт жекпе-жек өтуі керек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

«ЖҰТ» қойылымының премьерасы өтті
Қазақстан мен түркі елдері Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу