320 адамның атынан несие алған азамат ұсталды

Oinet.kz 22-11-2021 1028

Семей тұрғыны қазақстандықтардың жеке куәлігі жоғалғаны туралы Желідегі хабарламаларды тауып, 10 миллион теңге несие рәсімдеген. Бұл туралы Oinet.kz сайты Nege.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

ІІМ мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде құжаты жоғалғаны туралы хабарландыруларды тауып, сол арқылы шағын несие алуға өтініш берген. Күдіктіні Атырау облысының Полиция департаменті қызметкерлері құрықтаған.

- Сонымен қатар, жәбірленушілер несие мерзімі кешіктірілгені туралы хабарлама келгенге дейін өз атына несие алынғанын білмеген. Қазіргі уақытта 10 миллион теңгеден аса шығынға ұшыраған 320 адам анықталды, – деді Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Бойжеткен сахнада Қуандық Рахымды ел алдында құшақтап алды (видео)
«Үш баласын терезеден лақтырып жіберген» - оқиғаның қалай болғаны анықталды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу