Депутат: «Мен премьер-министр болуға дайынмын»

Oinet.kz 10-01-2022 2487

Мәжіліс депутаты Айбек Паяев премьер-министр болуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ол Atameken business телеарнасына айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

image.png

Ол министрлер кабинетінің құрамы 100% жаңаруы керек деген пікірде.

- "Әрине, жұмыс істеп жатқан министрліктер бар. Мысалы, министр Бағдат Мусинді алайық. Ол елде цирфландыру мәселесін шешіп жатыр. Әділет министрі Марат Бекетаев бар. Ол министр қызметінде отырғанына біраз жыл болды. Алайда Бельгияда "Стати" компаниясын жеңіп, шетелде Қазақстанның мүддесін қорғады", - деді депутат.

Сондай-ақ Айбек Паяев Үкіметті басқаруға дайын екенін жеткізді.

- "Мен премьер-министр болуға дайынмын. Біз ұсыныс бергенде әріптесім, Қазақстан халық партиясының депутаты Ирина Смирнова премьер-министрлікке менің кандидатурамды ұсынды. Басқа партия фракциялары кімді ұсынатынын білмеймін", - деді депутат.

Мемлекеттік хатшы қазақстандықтар билікке қалай көмектесе алатынын айтты
Амалбек Тшанов: Еліміздің ертеңіне сенемін!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу