«Қасіреті қаңтарда» қайтыс болғандардың несиесі жабылады» - Александр Терентьев

Oinet.kz 21-01-2022 1030

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың несиесі есептен шығарылады. Бұл жөнінде қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Screenshot_14.jpg

«Тапсырмаға сәйкес тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің кредиттері қазіргі уақытта есептен шығарылуға жатады. Осындай жұмысты тәртіпсіздік барысында қаза тапқан азаматтық тұлғалардың тізімі бойынша да агенттік жұмыс жүргізеді. Қазіргі уақытта осы жұмыс қолға алынды» 

Бұл туралы ОКҚ брифингінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімдеді.

Бұған дейін тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несиесі толық жабылатыны айтылған болатын.

Айсұлтан Назарбаев атасына қастандық жасайтынын өлерінің алында айтып кеткен
Түркістан облысында шенеунік журналисті өлтіруге 5 млн теңгеге тапсырыс берген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу