«AMANAT»: Республикалық штаб мүшесі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Oinet.kz 20-05-2022

«Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында кездесулерге қатысып, өңір жұртшылығымен талқылаулар жүргізді. Жиындарға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаттары да қатысып, референдумның мән-мазмұны жайлы ойларын ортаға салды.

Screenshot_12.jpg

Д.Қыдырәлінің сапары Түркістан қаласында медициналық колледж ұжымымен кездесуден басталды. Онда өзгеріске енетін баптар мен жаңа заңдарға түсіндірмелер берілді.  Ұстаздар денсаулық және әлеуметтік, сондай-ақ тіл мәселесін көтерді. Д.Қыдырәлі өзгерістердің басым бөлігі негізгі тармақтарға яғни мемлекеттік басқару, құқықтық және саяси жүйеге қатысты екенін атап өтті. Ал салалық өзгерістер өз кезегінде орындалатын шаралар қатарында деді. Ал Б.Тәжібаев сайлау жүйесіне байланысты жаңалықтармен бөлісті.

Кезекті кездесу Түркістан музыкалық драма театрында өтіп, өнер ұжымымен де еркін пікіралмасулар болды. Сахна майталмандарымен өткен жиынға айтыскер ақын, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, партия жанынан құрылған облыстық штаб мүшесі Бекарыс Шойбеков те қатысты. Штаб мүшелері өнер иелерін толғандырған мәселелер мен сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

- 5 маусымда ел тағдырында шешуші кезең референдум өтетіні белгілі.  Соған байланысты республикалық штабтың атынан бүгін қасиетті де қастерлі Түркістанға келіп, жұртшылықпен кездесуді әрі пікірлесуді жөн санадық. Референдум өткізу – әрбір азаматтың билікке араласуын , биліктің халыққа қызмет етуін, екеуінің арасында алшақтық болмауын негізге алып отыр. Үкімет әділ, шынайы әрі ашық болсын деген қағидамен туындаған шешім деп ойлаймын. Жаңа Заңдар арқылы билікке ауыл-аймақтардан білікті азаматтар шығатыны анық. Оған дәлел ретінде өңірлерді аралап жүрген Мәжіліс депутаттарын айта аламыз. Жалпы елдің өркендеуіне әрқайсымыз үлес қосуымыз керек , - деді республикалық штаб мүшесі. 

Сайрам ауданында жалғасқан кездесулер Манкент және Қарабұлақ ауылдарында өткізілді. Алдымен Әл-Фараби атындағы жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысқан штаб мүшелері құрылысшылармен, одан соң «Манкент агро 2020» өндірістік кооперативіне қарасты шаруалармен де ашық пікірталас жүргізді. Жиын қатысушылары тарапынан да өзекті тақырыптар қозғалып, Д.Қыдырәліге ұсыныстар айтылды. Ал білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен өткен жиындарға облыстық мәслихат депутаттары Ғ.Елшібай, Д.Егамбердиева, Б.Айткулов, Б.Нышанқұлов қатысып, референдумды қолдауға үндеу жасады. Түркістан өңіріне сапарлап келген республикалық штаб мүшесі Түркістан халқының жауапты сәтті сезінетінін байқағанын айтты.

Screenshot_13.jpg

- Алдағы үлкен белесте рухани шаһар халқымен кеңесуді ұйғардық. Бұл референдумның орны бөлек. Президенттің өкілеттігін бөлісу, Парламенттің және соттың ықпалын күшейту, сайлау жүйесін нақтылаумен ерекшеленуде. Кездесулерде Конституциялық түзетулерге қатысты жақсы ұсыныс-пікірлер айтылды. Оларды түртіп алдық. Өте нәтижелі де пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Жалпы Түркістан жұртшылығының референдумға деген үлкен қызығушылығын көрдік. Белсенділігігін байқадық , - деді Д.Қыдырәлі.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«AMANAT»: Депутат қосалқы шаруашылықты қолдауға дайын
«Конституциялық референдум: қоғам дамуының болашағы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×