Құтқару белдемшесімен шомылған: Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып көз жұмды

Oinet.kz 05-07-2022 800

Шымкентте 6 жасар бала бассейнге құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға Қаратау ауданы, Шанин көшесіндегі жекелеген демалыс орнында болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar арнасына сілтеме тастап.

Screenshot_31.jpg

Қайғылы оқиға 4 шілде күні сағат 16:37-де болған. ТЖД өкілінің хабарлауынша, демалыс орны жаңадан ашылған, онда құтқарушылар болмаған. 

2016 жылы туған бала бассейнге ата-анасымен бірге шомылуға келген. Бір сәтте бала қараусыз қалып, абайсызда суға құлаған. Бала құтқару белдемшесімен шомылып жүрген, соған қарамастан батып кеткен. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Ашудан өз төбеттерін атып тастаған бай
Түркістанда тарихи көрменің ашылуы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу