«Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық шарасы жалғасын табуда

Oinet.kz 12-09-2022 622

Screenshot_8.jpg

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаңа оқу жылының басталуына орай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды күшейтуде. Осы тұрғыда «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері ауданда орналасқан Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, оларға  жолда жүру ережесін түсіндіруде. Сонымен қатар мектеп оқушыларына жолда абай болу, қылмысқа, құқық бұзушылық пен теріс әрекетке бармау жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға құқық бұзушылық пен қылмыс үшін заң алдында жауапты екендігін еске салды. Әртүрлі құқықбұзушылыққа бармауды қатаң ескертті.

Қазіргі таңда Қазығұрт ауданы аумағында балалардың қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Бұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді көлік қағып мерт қылды
Мини юбка киген Айгүл Иманбаева елді ашуландырды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу