Түркістанда ұлттық тағамдар гастро-фестивалі өтіп жатыр

Oinet.kz 01-10-2022 568

Screenshot_7.jpg

Түркістан қаласында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN - 2022» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль басталды. 

Шараның негізгі мақсаты - қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау, туристер үшін еліміздің қонақжайлығын көрсету. Аталған іс-шараны, Түркістан облысының Туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырып отыр.

Фестиваль аясында қаланың үздік мейрамханалары мен дәмханалары ұлттық тағамдар мен стрит-фуд дәмділерін әзірлемек. Сағат 16:00-де марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда. 

Ұлттық тағамдарды ұлықтаған шара концерттік бағдарламалар мен қызықты ойындарға ұласпақ. Шара аясында жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспаздардың шеберлік сыныптары және тағы басқа думанды іс-шаралар өтеді. 

Думанды шара кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Ішімдік құйып берді»: Павлоодарлық әйелді күйеуінің жақын досы зорлаған
Төреғалидыкы дұрыс. Оның орнында мен болғанда одан қатты ұрар едім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу