Достастықтың ұстаздары NIS жетістіктерін кеңейтуге дайын

Oinet.kz 07-10-2022 544

Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім саласы қызметкерлерінің VII Съезі үш күн бойы өтуде.

Screenshot_6.jpg

Съезд делегаттары бірінші пленарлық отырыста «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинованың баяндамасынан кейін NIS жүйесінің құрылуына, академиялық жетістіктеріне және тәрбие жұмысындағы сұранысқа ие жобаларға үлкен қызығушылық танытты.

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте Күләш Ноғатайқызының баяндамасы іс жүзінде көрініс тапты. Достастық елдерінің мұғалімдері оқу кабинеттерін, ауқымды зертханалар мен кітапхананы өз көздерімен көріп, NIS HUB-тан ерекше әсер алды. Бастысы – съезд делегаттары қазақстандық оқушылар және әріптестермен танысып, өздерін қызықтырған барлық сауалдарға жауап алды.

Өзекті диалогты конкурстық іріктеу және критериалды бағалау, педагогтердің кәсіби дамуы, білім беру бағдарламалары мен оқу материалдарын құру жүйелерін ұсынған орталықтардың басшылары жалғастырды.

ТМД мұғалімдері Зияткерлік мектептермен ынтымақтастыққа және олардың жетістіктерін өз елдеріне енгізуге дайын екендіктерін атап өтті.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Мемлекетаралық қорының қолдауымен Астанада өткен жетінші съезде Достастықтың үздік оқытушылары бас қосты.

Түркістан облысында 900-ден астам сайлау учаскесі науқанға дайын
Президенттікке кандидатқа қойылатын талаптар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу