Тоқаевтың бағдарламасы – Ауылдық жерде 700 жаңа медициналық нысан ашамыз

Oinet.kz 16-11-2022 525

 Screenshot_2.jpg

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Түркістан облысына барды.

Мәселен, Түркістанда өңір жұртшылығымен, ақсақалдармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өтіп, оған 350-ге жуық адам қатысты. Сайлаушылармен әңгімелесу кезінде кандидаттың сайлауалды бағдарламасының өңірлерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға арналған блогына ерекше назар аударылды.

«Экономикалық бастамаларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қызметтерді айтарлықтай жақсартуды көздейтін ауылдық аумақтарды дамыту Тұжырымдамасы әзірленеді. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылда сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Ауылдық жерде жаңа жабдықпен жарақталған, білікті медицина қызметкерінен жасақталған 700 жаңа медициналық нысан ашылады. Жалпы, төрт миллионнан астам ауыл тұрғыны қосымша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтылады», – деді Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Бұдан соң, жергілікті жылыжайлардың бірінің алаңында РҚШ мүшелері шаруалар мен ауыл жастарына сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру шараларын түсіндірді.

7 жылда 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 триллион теңге бөлу жоспарлануда.

Кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысы тартылады.

Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орны пайда болады.

 Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беріледі.

Осы күні штаб мүшелері салынып жатқан Мұз сарайына барып, құрылысшылармен әңгімелесті. 100-ден астам адам қатысқан кездесу барысында РҚШ мүшелері кандидаттың еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарына назар аударды.

Мақпал Жүнісова: Күйеуге шығайын деп жатырмын. Қыз жолдас - Айжан Нұрмағамбетова
Түркістандықтар сайлау учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу