Кеңес Рақышев жеңімпаз боксшылардың аналарына қомақты қаржы сыйлады

Oinet.kz 01-06-2023 1871

Алматыда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Screenshot_13.jpg

Спортшылар мен бапкерлер Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың жеке қаржысынан ақшалай сертификаттар алды.

Ташкентте әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай 100 мың АҚШ долларымен марапатталса, күміс жүлдегер Дулат Бекбауовқа 50 мың АҚШ доллары берілді. Сонымен қатар К.Рақышев Дулатқа қымбат швейцар сағатын да сыйлады.

Бұл күні нәзік жанды боксшылар да марапатталды. Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінің финалистері Карина Ибрагимова мен Ляззат Күнгейбаева отандық бокс басшысынан 30 мың АҚШ долларын алды. Қола жүлдегерлер: Алуа Балқыбекова, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйға ие болды.

Screenshot_14.jpg

Құраманың жеңіске жетуіне зор үлесін қосып жүрген команда өкілдері – бапкерлік құрам, кеңесшілер, кешенді ғылыми топ мүшелері де назардан тыс қалмады. Штаттағы жаттықтырушылар мен жеке бапкерлер, дәрігерлер, массаж жасаушылар және тағы басқа мамандар 1 мыңнан 15 мың АҚШ долларына дейінгі көлемде сыйақы алды.

Қазақстанның бірнеше қаласынан арнайы келген чемпиондардың аналарына Кеңес Рақышев гүл мен 2 миллион теңгенің сертификаттарын сыйлады.

Өзбекстан астанасындағы тамаша нәтиже үшін ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа 25 мың АҚШ долларын беріп, көлік мінгізді.

Жекелей сыйлықтарды есептемегенде, марапаттаудың жалпы жүлде қоры 600 мың АҚШ долларын құрады.

Үздік нәтиже: Рыбакина жаңа рекорд орнатты
Каспий теңізінің аяқ асты қара реңкке боялу себебін экологтар түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу