Павлодар тұрғыны жыннан құтылу үшін бақсыға 120 млн теңге берген

Oinet.kz 22-07-2023 943

Павлодарда бақсы-балгер болып жұмыс істейтін адам  тұрғынның бойын жын басқарып жатқанын айтып, дереу тазаруды ұсынған. Тазару ақысы өте қымбатқа түскені сонша «науқас»120 миллион теңгесін беріп қойған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

«35 жастағы алаяқ жәбірленушіні өзіне және оның отбасы мүшелеріне жындардан қорғаныс қою керек деп сендірген. Әйел оларды шақырып, бірлесе әрекет жасай алатынын айтқан. Осындай қамқорлығы мен жұмысы үшін әйел ірі көлемде ақша алған», — деді Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Алғашында жарты миллион теңгеден сәл асатын сомалар алған. Павлодардың бір тұрғынына 2,2 миллион теңгеге «бизнес жүргізуге және өсек-аяң мен қызғаныштан қорғаныс қойып» берген. ҚАЖД мәліметінше, кейін жәбірленуші бір қызметі үшін көріпкелге 8 миллион теңгеге дейін берген.

Алаяқ бес жылға сотталды. Ол жазасын Абай облысындағы орташа режимдегі әйелдер колониясында өтейді.

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды
Астанада жолаушылары бар автобус қатты желден аударылып қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу