Астанада жолаушылары бар автобус қатты желден аударылып қалды (видео)

Oinet.kz 22-07-2023 539

Кеше, 21 шілдеде "Алматы-Екатеринбург" тасжолында жолаушылар автобусы аударылып қалды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан кадрлар тарады. Қарағанды облысының аумағында болған жол көлік оқиғасының видеосы Instagram желісіндегі dorogi_karagandy тобында жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Кадрдан тас жолда "қырынан" жатқан автобусты және көптеген адамды аңғару қиын емес. Бұған қатысты Қарағанды облысының полиция департаменті пікір білдіріп, оқиғаның 21 шілде күні кешкі 17.30 кезінде Осакаров кентінен 10 шақырым жерде болғанын жеткізді. 33 жастағы Yutong жүргізушісі қатты жел соғып тұрғанда рөлге ие бола алмай қалып, соның салдарынан автобус аударылған. Белгілі болғандай, автобус салонында 20 жолаушы отырған.

"Жол апаты салдарынан 65 жастағы ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары сараптама тағайындағанын хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Павлодар тұрғыны жыннан құтылу үшін бақсыға 120 млн теңге берген
«Аузы мен қолын байлаған»: Алматыда кішкентай қызды ұрлап кеткен 23 жастағы келіншек ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу