Семейде 9 жасар қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

Oinet.kz 24-07-2023 938

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 жасар қызға сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған 48 жастағы ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Өзі мойындамағанына қарамастан оның кінәсі сараптама нәтижесімен және іс аясында жиналған басқа айғақтар арқылы толық дәлелденді.

Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың тамыз айында Абай облысында жантүршігерлік жағдай болған.

Баланың анасының айтуынша, кішкентай қызды көрші тұратын 48 жастағы ер адам зорлаған. Қыз ауыр жарақат алған.

Сотталушы үйленген, балалы-шағалы адам.

«Жоспар құрған»: Әйел көңілдесіне күйеуін өлтіруге көмектескен
Шығыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім анасын аяусыз өлтіріп, денесін тығып тастаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу