«Бетінен сүйіп, құшақтай бастаған»: Ер адам тал түсте оқушыны зорламақ болған (видео)

Oinet.kz 09-08-2023 1753

Ташкентте мектеп оқушысын тал түсте зорламақ болған ер адам алдағы он жылын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Басылым мәліметінше, Мирабад аудандық соты Самарқанд облысының 26 жастағы тұрғынына шешім шығарған. Ол биыл сәуірде Ташкентте мектеп оқушысына шабуыл жасап, оны зорламақ болған. Ер адам қызға жүгіріп барып, бетінен сүйіп, құшақтай бастаған. Бірақ мектеп оқушысы қарсыласқаннан кейін оны босатып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Шабуылдаушыға 18 жасқа толмаған адамды зорламақ болды деген айып тағылды. Ол жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.


«Баланы қорлау ғой»: Алматыда тағы бір лагерьге қатысты шу шықты
«Өлтірем»: Шымкенттегі гүл дүкенінде «прокурордың ұлы» қызметкерге қоқан-лоқы жасаған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу