Тәжікстанда сел салдарынан 17 адам қаза тапты

Oinet.kz 30-08-2023 480

Тәжікстанда сел салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_11.jpg

Ел үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті. Оған толассыз жауған нөсер себеп болған. Табиғат апатынан елдің 9 қаласы мен ауданы зардап шекті.

Зардап шеккендердің көпшілігі Вахдат облысында. Онда сел ондаған үйлерді, шақырым жолдарды және электр желілерін қиратқан. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде тағы 4 адамның мәйіті табылды. Сел салдарынан 100 бас мал да қырылған.

Шымкент полициясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Қытай екі мемлекеттің аумақтарын қоса енгізген жаңа карталарын көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу