Шымкент полициясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 29-08-2023 315

Бұған дейін Шымкент полициясын басқарған Қайрат Далбеков қандай лауазымға тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_13.jpg

ІІМ мәліметінше, полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков ротация қағидаты бойынша енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқарады.

Бұған дейін Қайрат Далбеков Шымкент Полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған. Президент Әкімшілігінің келісімімен ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес қала полициясының жаңа басшысы болып полиция генерал-майоры Думан Таев тағайындалды.

Шатқалға ойып жазу жазған Мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті
Тәжікстанда сел салдарынан 17 адам қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу