Түркістан облысында 5 жасар қыздың өлімі: Қызметінен босатылған сот төрағасы жаңа лауазымға тағайынд

Oinet.kz 11-10-2023 723

Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофилдің бұрынғы қылмысына жеңіл жаза берген аудандық сот төрағасы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "31 арнаға" сілтеме жасап. 

Screenshot_2.jpg

Лауазымы төмендеген Нұрғазы Шетенов енді өзі басшылық еткен соттың судьясы болады. Жұртты дүр сілкіндірген істен кейін ол жұмысынан уақытша шеттетілген болатын.

"ҚР Жоғары кеңесінің ұсынысымен ҚР Президентінің 2023 жылғы 6 қазанда №367 санды жарлығымен Нұрғазы Бектайұлы Шетенов Сарыағаш аудандық сотының төраға қызметінен босатыла отырып, осы соттың судьясы қызметіне қайта тағайындалды", - деді Түркістан облыстық соты баспасөз қызметінің хатшысы Әсет Серікбаев. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. 

Кейін Желіде ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлерден босатып алмақ болды деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері бұған қатысты пікір білдірді. Бас прокуратура мәліметінше, күдікті бұрын істі болған. 

"Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Кеше осы іс бойынша сот процесі басталғаны белгілі болды. 7 қыркүйекте Шымкентте 48 жастағы ер адамға үкім шығарылды. Сот оны 5 жасар қызды өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталған адам қауіпсіздігі ең жоғары колонияда жазасына өтейді.

"Қызым қалай азапталды, ол да солай азапталуы керек" - Түркістан облысында аяусыз зорланған 5 жасар қыздың әкесі

Кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазған еді. 

Домбыра харам ба? - Бас мүфти жауап берді
«Өзеннің маңында кезекпен зорлап, видеоға түсірді»: Түркістанда оқушы топтық зорлаудың құрбаны болға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу