"Президент мерзімінен бұрын кетсе, екі ай ішінде кезектен тыс сайлау өтеді"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында егер де мемлекет басшысы лауазымынан мерзімінен бұрын кетсе, екі ай ішінде президент сайлауы өтуі керек дейді. Бұл ереже заң нормасымен бекітуі керек, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

«Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі. Осы мәселені ерекше атап өткен жөн: қалған мерзім 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс деген норма негізгі заңда нақты бекітілуі қажет. Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни заңды түрде келуі керек. Бұл мен үшін өзгермейтін, маңызды ұстаным. Осы норма мемлекет басшылары үшін де ешқашан өзгермейтін қағида болуға тиіс, - деді ол.


