Президент сынынан соң Шымкентке полиция басшысы қызметінен босатылды

Oinet.kz 20-01-2026 135

Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өлімінен соң Тоқаев Ішкі істер министрлігіне қатаң тапсырма берді. 

a566f787-4c4f-480a-9f7c-a92926be6585.jpg

"Біздің мемлекетіміз құқық пен бостандыққа, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне негізделген. Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елдің назарын аудартты. Тексеру барысында күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей қоқан-лоқы жасағаны анықталды, және бұл жағдай ақыры адам өліміне әкеп соқты. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің ісіне құқықтық баға беруді тапсырды, ал Бас прокуратура бұл мәселені мұқият тексеріп жатыр», –  деді президент", – деді Мемлекет басшысы.

Содан кейін Телеграмда Козачков арнасында Шымкентте бірнеше басшылық қызметтегі полицейдің қызметтен босатылғаны хабарланды. Шымкент полиция департментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков де қызметінен босатылып, орнына Арман Бейсенбаев міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Түркістан облысының ПД бірінші орынбасары, ал одан бұрын Шымкент қаласының ПД бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

Әзірге бұл туралы ресми ақпарат шықпады. 

Түркістан облысында 6-8 жастағы қыздарды өгей әкесі жылдар бойы зорлап келген
Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу