Түркістан облысында 6-8 жастағы қыздарды өгей әкесі жылдар бойы зорлап келген
Түркістан облысында кәмелетке толмаған екі қызын бірнеше бойы зорлап келген өгей әкенің ісінде тергу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, қылмыс 2015 жылдан бастап төрт жарым жыл бойы жалғасқан, ал жәбірленушілер ол кезде небәрі 6 және 8 жаста болған.
Қыздардың айтуынша, зорлық аналары перзентханада жатқан кезде басталған. Күдікті балаларды қорқытып, анасына зиян келтіремін деп сес көрсеткен. Жәбірленушілер болған жағдайды тек жасөспірім кезеңде ғана толық түсінген.
Медициналық сараптама зорлық фактісін растағанымен, отбасы тергеудің баяу жүруіне алаңдаулы. Қазіргі таңда іс кәмелетке толмағандарды зорлау бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл бап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.
Полиция мәліметінше, күдікті екі ай мерзімге қамауға алынған. Отбасы қылмыскерге ең қатаң жаза тағайындауды талап етуде.


