Бақытжан Базарбек Денсаулық сақтау министрлігін қатаң сынға алды
Депутат Бақытжан Базарбек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәселеге оны құрған және оның жұмыс істемей қалуына жол берген бұрынғы министрлер жауап беруі тиіс екенін мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, қазіргі Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланы дайын қиындықтармен қабылдап алып, дағдарыстан шығарды. Алайда оған да нақты талаптар қойылуы керек дейді.
“Егер белгіленген мерзімде жағдай түзелмесе, жауапкершілікті қазіргі министр көтеруге тиіс”, – деді депутат.
Депутаттың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қадағалау функциялары 2015–2016 жылдардан кейін әдейі әлсіретілген. Соның салдарынан қаржы әртүрлі схемалар арқылы шығарылған дейді.
2026 жылдан бастап қант диабетін емдеу МӘМС жүйесіне енгізілмек
Жұмысынан айырылған қазақстандықтар МӘМС бойынша алты ай бойы медициналық көмек ала алады
“Біздің түзетуімізді президент қолдады. Фармакологиялық және медициналық бақылау қадағалау жүргізіп отыр. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, ұрлық тоқтаған жоқ. Бұрын қалай ұрланса, қазір де солай жымқырылып жатыр”, – деді ол.
Депутаттың айтуынша, қазір қаржылық бақылау толықтай Қаржы министрлігінің құзыретіне берілген.
“Уәкілетті орган ретінде Денсаулық сақтау министрлігі қор бойынша өз мәртебесін сақтайды. Қор Қаржы министрлігінің қарауына өтпейді. Бірақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржыландырылуы ашық болуға тиіс. Бұрын қордың есеп жүйесі мемлекеттік ортақ жүйемен сәйкес келмеді. Соның салдарынан ауқымды ақша ұрланған”, – деді Базарбек.


