Шымкент полициясының жұмысы тағы да тексіріліп жатыр

Oinet.kz 22-01-2026 56

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкентте жол ортасында төбелесіп, кісі өлтіру дерегі бойынша күдіктілерді ұстау ісіне қатысты түсінік берді. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_2.jpg

— Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды, яғни қастандық жасау және кісі өлтіру, адам ұрлау, сондай-ақ қару-жарақ қолдану арқылы бұзақылық әрекеті. Бүгінде бірқатар күдікті қамауға алынды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласына орталық аппараттан басшылар — Криминалдық полициядан, Тергеу департаментінен, Өзіндік қауіпсіздік департаментінен жіберілді. Олар қызметтік тексеріс жүргізіп, полиция күштерінің жұмысын бағалайды, - деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бүгінде осы қылмыстық іс бойынша ұсталмаған күдіктілер де бар. Қазір полиция барлық қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал шыққан. Оқиға салдарынан 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

«Бейшаралар қатты шамданып қалды»: 27 жастағы қыздың облыстық мекемеге басшы болғанын халық қолдады
Жамбыл облысына күрестен жаттығуға барған 22 бала уланып, ауруханаға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу