Жамбыл облысына күрестен жаттығуға барған 22 бала уланып, ауруханаға түсті

Oinet.kz 22-01-2026 136

Қызылорда облысынан күреске оқу-жаттығу үшін Жамбыл облысына келген 22 жасөспірім астан уланып ауруханаға түскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.png

Деректерге сай, олар шығу тегі әзірге анықталмаған гастроэнтеритпен улануы мүмкін.

Балалар Жамбыл облысындағы демалыс аймағынан ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына жаттықтырушыларымен бірге келген. Демалыс аймағында 12 мен 17 жас аралығындағы шамамен 100 бала орналастырылған.

Әкімдіктің мәліметінше, тағамдардан және науқастардан зертханалық сынамалар алынған. Қазір олардың нәтижелері күтілуде.

Гастроэнтерит – асқазан мен ішектің шырышты қабығының қабынуы. Оған вирустар немесе бактериялар себеп болуы мүмкін. Негізгі белгілері – құсу мен іш өту.

Шымкент полициясының жұмысы тағы да тексіріліп жатыр
"Шымсити" саябағына Қонаевтың атын беру туралы ел ағалары не дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу