Туған баласына үтік басып, темірмен ұрған шымкенттік ана

Oinet.kz 22-01-2026 88

Шымкентте өз балаларын аяусыз қинап келген 29 жастағы келіншектің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oinet.kz

Screenshot_2.jpg 

Бұған дейін шымкентте анасынан жәбір көрген 9 және 11 жастағы балалар сәбилер үйіне орналастырлғанын хабарлаған едік. Төрт баланың анасы балаларын мектепке жібермеген соң, жағдайды білуге келген мұғалімдер балалардың денесіндегі жарақаттарды көріп, бірден құқық қорғау органдарына хабар берген.

Қазіргі таңда зардап шеккен балалар әжесімен бірге ауруханада қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Оқиғаның мән-жайын баяндаған әжесі Мұхаббат Ергешова қызының балаларға көрсеткен жәбірін естігенде жағасын ұстағанын айтады. Оның сөзінше, анасы балаларды тек ұрып қана қоймай, түрлі заттармен денелерін күйдіріп, азаптаған.

Үтік басқан, темірмен ұрған үтіктің шнурымен ұрған. Қошқар атаның суына батырған, қайта әкеліп үйіне шараға батырған. Шаштарын алып тастаған, жұлған. Екі үлкен бір бала, бір қызды. Екі кішкентайға тимеген. Осыларды мазақ қыла берген. 4 күнге дейін. Бір-екі жерін спичкамен күйдірген. Одан бөлек шанышқыны газға қойып аузын күйдірген, - дейді балалрдың әжесі.

Осы дерекке қатысты полиция тергеу амалдарын бастап, күдікті әйелді қамауға алды. Қазіргі уақытта жантүршігерлік оқиғаның толық егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Созақбай Әбдіқұлов: Ескерткіштерді қорғайтын орталық керек
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу