Оралда шұжық цехында 40 жасар жұмысшы станокқа қысылып мерт болды
Оралда кәсіпорындардың бірінде жұмысшы станокқа қысылып көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Мой Город"-қа сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше 40 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған.
Аталған деректі БҚО бойынша еңбек инспекциясы департаменті растаған.
Ал полиция департаменті жұмысшының өліміне қатысты іс тіркеліп, қылмыстық іс қозғалыпты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр


