Аса қатыгездікпен өлтірілген Диана Оңғарбаеваның сіңлісі көпшілікке үндеу жасады

Oinet.kz 25-01-2026 135

Түркістан облысында 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны аса қатыгездікпен өлтірген 11-сынып оқушысы 7 жыл 6 айға сотталған болатын. Марқұмның сіңлісі Айдана Оңғарбаева бұл жаза тым жеңіл деп есептеп, Threads әлеуметтік желісінде көпшілікке үндеу жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.png

Күні кеше марқұмның сіңлісі Айдана Оңғарбаева Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялап, көпшіліктен бұл іске бейжай қарамауды және қоғамда резонанс тудыруды сұрады:

«Мен, Оңғарбаева Айдана, әділдік орнауына ықпал етулеріңізді сұраймын. Бұл істі барынша көтеріп, қоғам назарына шығаруларыңызды өтінемін. Менің әпкем аса қатыгездікпен өлтіріліп, оның денесі қорланды.

Осы істің Қазақстан Республикасының Президенті мен прокуратурасының назарына жеткізілуін сұраймын», - деп жазды ол.

image.png

Айта кетейік, марқұм Диана Оңғарбаева 2025 жылғы 21 шілдеде Шымкент қаласында жоғалып кеткен. Арада он күн өткен соң оның мәйіті қоқыс шығару алаңынан табылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.

Тергеу мәліметінше, күдікті – қалаға жұмыс істеу үшін келген мектеп оқушысы. Ол Диананы әлеуметтік желі арқылы тауып, пәтер жинау жөнінде келісім жасаған. Жұмыс аяқталғаннан кейін күдікті әйелге 26 рет пышақ сұғып, зорлаған. Кейін марқұмның денесін қара полиэтилен пакетке орап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен.

4 желтоқсанда қауданаралық мамандандырылған сотта жасөспірімге қатысты үкім шығарылды. Ол қылмысы үшін жеті жыл алты айға дейінгі мерзімге кәмелетке толмағандар колониясында жазасын өтейтін болды.

Алайда сот үкімі марқұмның жақындарының наразылығын тудырды. Олар берілген жаза қылмыстың ауырлығына сай емес, тым жеңіл деп есептейді.

Марқұмның туыстары істің қайта қаралуын және кінәліге әділ жаза тағайындалуын талап етіп отыр.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Конституцияда «Миранда қағидасын» бекітуді ұсынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу