шымкентте топпен жабылып кісі өлтірді деген күдікпен тағы үш адам ұсталды

Oinet.kz 25-01-2026 48

Шымкентте 40 жастағы ер адамның өліміне қатысты іс бойынша тағы үш күдікті ұсталды. Күдіктілер туралы ақпаратты қорғау тарапының адвокаты Талғат Есімов мәлімдеген. Оның айтуынша, күдіктілерді қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған.

Screenshot_15.jpg

Адвокаттың нақтылауынша, іздеуде жүрген тұлғалар Түркістан облысы Түлкібас ауданының аумағында болған. Қазір олармен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 20 қаңтар күні Шымкентте Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болып, ол кейін жаппай төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде екі адам ауруханаға жеткізілсе, тағы бір ер адамды оқиға орнынан күшпен алып кеткен. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері кісі өлтіру және бұзақылық қылмыстарына күдікті ретінде төрт ер адамды анықтап, ұстаған еді.

Кейін оның мәйіті Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы аурухана автотұрағынан табылған. Қаза тапқан адам 40 жастағы Василий Колесников екені анықталды. Мәйітті медициналық мекеме аумағына әкеліп тастаған сәт бейнебақылау камерасына түсіп, желіде жарияланған.

Белгілі ғалым білім жүйесіне діни фанатизм ене бастағанына алаңдаушылық білдірді
Қазақстанда мерзімді қызметтегі тағы бір сарбаз қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу