Сәпиев пен орынбасарының арасындағы дауды шешуге облыс әкімінің өзі араласты

Oinet.kz 26-01-2026 43

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Дене шынықтыру және спорт басқармасында болған оқиғаға пікір білдіріп, бұл мәселеге асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_20.jpg

Оның айтуынша, тексеріс, тергеу аяқталғаннан кейін құқықтық баға беріледі.

"Тәртіпбұзушылық бар және ол үшін жауапкершілік те болуға тиіс. Сонымен қатар, заң талаптарына сәйкес үздіксіз атқарылуы қажет жұмыс бар. Бұған дейін де ашық мәлімдегенбіз және тағы да қайталап өтемін: бұл жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеріс жүргізеді, сондай-ақ, басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі", - деді өңір басшысы аппарат кеңесі барысында.

Конституциялық реформалар жөніндегі ұсыныстарды талқылау жалғасуда
Енді депутаттар министрлерді қызметінен босата алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу