Енді депутаттар министрлерді қызметінен босата алады

Oinet.kz 26-01-2026 45

Құрылтай депутаттарына министрлерді қызметінен босатуды талап ету құқығын беру ұсынылды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_23.jpg

Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров мәлімдеді.

"Жеке нормада Құрылтай депутаттарының кемінде үштен біріне Үкімет мүшелерінің қызметі бойынша есеп беруіне бастамашы болу, сондай-ақ, заңдар орындалмаған жағдайда есепті тыңдау қорытындысы бойынша Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы Президентке өтінішпен жүгіну құқығы бекітілген", - деді депутат.

Сенатордың айтуынша, мұндай жағдайда Президент Үкімет мүшесін қызметінен босатады.

Сәпиев пен орынбасарының арасындағы дауды шешуге облыс әкімінің өзі араласты
"Боғауыз сөзді қымсынбайтын айтатын қазақтың қыз-жігіттері көбейіп келеді"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу