«Нұрай ісі»: Күдіктінің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 29-01-2026 201

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты “сталкинг” дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.png

Нұрайдың отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың мәліметінше, полиция департаменті күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің “Сталкинг” бабы бойынша қылмыстық іс тіркеген.

Осылайша, күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің бірден үш бабы “Адам өлтіру”, “Неке қиюға мәжбүрлеу”, “Сталкинг” баптары бойынша іс қозғалды.

Алайда жәбірлеунішлердің адвокаты мұндай құқықтық саралаумен келіспейтінін, айыптау бабының қатаңдатылуын талап еткенін мәлімдеді.

“Әлеуметтік желіде тараған Нұрайдың екі фотосына қарай отырып, күдіктінің әрекеттері қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру” бойынша саралануы тиіс деп есептеймін. Осыған байланысты тиісті өтінішхат жолдадық және жауап күтіп отырмыз”, – дейді адвокат. 

Еске салсақ, бұған дейін 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың пышақ жарақаттарынан қаза тапқаны хабарланған еді. Нұрай Серікбай 11 пышақ жарақатын алған. Оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы Шерхан Аймахан есімді ер адам қамауға алынды.

Нұрайдың туыстары марқұмның бұған дейін күдіктінің үстінен полицияға шағымданғанын, алайда қызметкерлердің қыздың арызын қабылдамай қойғанын айтып, полицияны немқұрайлық танытты деп айыптады. 

Іске қатысты Қасым-ЖомартТоқаев да пікір білдіріп, бұл оқиғаның қоғамда кең резонанс тудырғанын айтқан еді. Президент ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.

Ақтауда жасөспірім жігіт қызды аяусыз соққыға жыққан
Алматыда танымал кәсіпкердің 16 жастағы қызы мектепте өзіне қол жұмсауға тырысқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу