Үйге басып кіріп, үй иелерін қорқытқан
Алматыда заңсыз іс-әрекеттер жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Тергеу материалдарына сүйенсек, бірнеше адам тұрғын үйге заңсыз кіріп, иелеріне күш қолданып, өз талаптарын орындатуға тырысқан. Күдіктілер атыс қаруына ұқсас затты пайдаланған.
"Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде осы қылмысқа қатысы барлар ұсталды. Қауіп төндіретін заттар заңсыз айналымнан тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.


