«Күйзеліске түсіп, инсульт алған»: 89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болған

Oinet.kz 30-01-2026 197

89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.pngЗейнеткердің жиенінің айтуынша, бірнеше жыл бұрын туыстары Астанада тұрған қарт әйелді Ақмола облысындағы Макинск қаласына көшуге көндірген. Кейін олар зейнеткердің ақшасы мен жылжымайтын мүлкін иемденіп, баспананы өз аттарына рәсімдеп, сатып жіберген.

Жағдайды естіген әже қатты күйзеліске түсіп, инсульт алған. Алайда, бұдан кейін де туыстары тарапынан қысым жалғаса беріпті. Көпқабатты үйдің кіреберісінде болған жанжалдан соң, туысын ұрды деген айыппен күтпеген жерден 89 жастағы әйелдің өзі жауапқа тартылған.

Жиенінің айтуынша, қарт әйелге түзеу жұмыстары жазасы тағайындалған. Алайда қазіргі таңда зейнеткердің өздігінен қозғалу мүмкіндігі жоқ көрінеді. 

Алайда, Ақмола облысы сотының өкілі 89 жастағы әйелге түзеу жұмыстары тағайындалды деген ақпаратты жоққа шығарды. Сот өкілінің мәлімдеуінше, зейнеткер тек мінез-құлық ережелерін сақтауға міндеттелген.

Үйге басып кіріп, үй иелерін қорқытқан
Қарияларға құрмет көрсеткен Шымкент әкімі елді сүйсіндірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу