Қосшыда 10 жастағы қыз үйірме сабағында қайтыс болған
Косшыда үйірме сабағы кезінде 10 жастағы қыз қайтыс болды. Полиция мәліметінше, оқиға кеше, 29 қаңтарда болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Алдын ала деректер бойынша, сабақ кезінде баланың денсаулығы күрт нашарлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу дерегі тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деп қосты полиция.


