Шымкентте жасөспірім жігіт кішкентай қызды зорламақ болған

Oinet.kz 02-02-2026 113

Әлеуметтік желіде Шымкентте жасөспірімнің кішкентай қызды көтеріп алып, қашып бара жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_10.png

Жасөспірімге қызды зорламақ болды деген айып тағылған. Желіде тараған ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді.

“1 ақпанда күдікті жасөспірім көшеде кішкентай қызды ұстап, оны ұрлап әкетпек болған. Оның бұл әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды”, – деп жазды “Криминальный Казахстан” Telegram арнасы.

Шымкент қалалық полиция департаменті жасөспірімнің үстінен кәмелетке толмаған балаға қарсы заңсыз әрекет жасамақ болғаны үшін қылмыстық іс қозғады.

“1 ақпанда полицияға жасөспірім кәмелетке толмаған қызды ұстаған және оған қарсы құқыққа қарсы әрекет жасауға әрекет еткені туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Жасөспірімнің ата-анасы полиция бөлімшесіне шақырылды”, – деп хабарлады ведомство.

Полиция психолог маман қызбен әңгіме жүргізетінін атап өтті. Қазір қыздың өміріне және денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
В Центральном офисе «Ак жол» состоялось совместное заседание президиума Нацсовета
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу