Жаңа Конституция: Президентті бір жағдайда ғана соттауға болады

Oinet.kz 03-02-2026

Конституцияның жаңа жобасы жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр. Жаңа нұсқада Қазақстан Респубоьикаының Президентінің өкілеттігі мейілінше күшейтілген. Бұл шамасы Мемлекет басшысы айтқан «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет»  идеясымен сәйкес келеді. 

Screenshot_6.jpg

Ата заңның жобасы бойынша  Президент Премьер-министр мен Вице-президенттің кандидатурасын Құрылтайдың келісімімен тағайындайды. 

Сонымен қатар, бұрын Мәжіліс төрағасын депутаттардың өздері, Сенат төрағасын Президент ұсынса, жаңа жобада Құрылтай төрағасын тікелей Президент ұсынады. Ал Құрылтай Мемлекет басшысы таңдаған кандидатурамен екі қайта бас тартса, Президенттің Құрылтайды тарату мүмкіндігі қарастырылған. 

Сонымен бірге Ата заңда Президенттің жаупкершілігіне қатысты да елеулі өзгерістер бар. 

--Мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда, Президент өкілеттігін атқару барысындағы әрекеті үшін Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды,--деп жазылған Ата Заң жобасының 48 бабында. Мұндай сөздер қазіргі қолданыстағы Конституцияда жоқ. 

Қылмыстық кодексте Мемлекетке опасыздық жасауға қатысты мынандай түсінік берілген:

--Мемлекетке опасыздық жасау, яғни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтiп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мемлекеттiк құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттері.

Мұндай әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жобада Президентті мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана Құрылтай қызметінен кетіре алатыны жазылған.

      Конституцияның жаңа жобасының қай уақытқа дейін талқыланатыны, референдумның қай күнге белгіленетіні әзірге белгісіз. Бірақ мына қарқынға қарағанда Жаңа Конституцияны алдағы екі-үш айда қабылдап тастайтын сияқтымыз. Яғни, жаңа Парламентті  биыл жасақтауымыз мүмкін.

Бишімбаевтің бұрынғы әйелі сотта куәлік бермек
Елді 418 миссионер кезіп жүр. Барлығы дерлік – христиандар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу