Фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Oinet.kz 09-02-2026

Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

"Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Бұған дейін Алматы, Астана әкімдіктерінде қызмет еткен. 2023 жылғы наурыздан бастап сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі.

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ПРЕАМБУЛАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Бас прокуроратурадан көмек сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу