Шымкентте кәсіпкерден 20 млн. теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Oinet.kz 09-02-2026

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады. 

MyCollages.jpg

Полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кесті. Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды. Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан "тексеру ұйымдастырып", бизнесін жаптырамын деп қорқытқан. Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция ескертеді: ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ойнет порталы (@oinet.news)

Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Бас прокуроратурадан көмек сұрады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу