Көлікті күнделікті мінуге шектеу қойылмақ

Oinet.kz 19-02-2026

Еліміздің  Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірнеше өңірлердегі көлік қозғалысын шектегісі келіп отыр.  Ведомство өкілдерінің айтуынша, ауаның ластануын тек осылай тоқтатуға болады.

Screenshot_9.png

Яғни, осы ұсыныс қолдау тапса, Алматы мен тағы бірнеше өңірдің тұрғындары көліктерін  қалаған күні айдай алмай қалуы бек мүмкін. Министрлік жүргізушілерге қатысты жаңа ереже енгізуді ұсынып, темір тұлпардың номері жұп санмен аяқталса, тек жұп күндері,  тақ сан болса тек тақ күндері жүруге рұқсат етпек.  

Министрліктегілер мұндай идеяны Қытайдың тәжірибесіне сүйене отырып ұсыныпты.  Бұл елде ауа сапасы лас қалаларда көлік қозғалысына біраз уақыттан бері шектеу қойылған екен. «Жұп және тақ» қағидаты қазақстандықтардың қуанышты реакциясын туғызады деп айту қиын. Мейлі, 15 күн жеке меншігіңіздегі көлігіңізді мінерсіз, қалған 15 күн автобуспен, таксимен,  велосипедпен  немесе жаяу жүруге тура келгені ме?  Әйтеуір, қазір министрлік тарапынан әкімдерге  осы тәжірибені зерттеуге тапсырма берілді.  

Рас, елдегі үлкен қалалардағы ауаның сапасы сын көтермейді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазір елде 11 аймақ қатты ластанған. Олардың қатарында Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Ақтөбе облысы бар.

Дегенмен, біздіңше, қазақстандықтардың дені бұл шектеуді де айналып өтіп кететін сияқты. Яғни, бір адам жұп және тақ нөмірге бітетін екі көлікті сатып алса жеткілікті болғаны. 

Нұралхан Көшеров: Мен халықпен кездесуге келдім, сіздермен емес
Дипломсыз блогерлер онлайн курс сата алмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу