Бір операция – 80 тас: Түркістан дәрігерлерінің сәтті тәжірибесі

Oinet.kz 26-02-2026

Screenshot_1.jpg

Түркістан қалалық орталық ауруханасының дәрігерлері 60 жастағы ер адамға күрделі операция жасап, оның қуық қуысынан 80 тас алғанын хабарлады. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі мәлімдеді.

1965 жылы туған науқас ұзақ уақыт бойы кіші дәретке шыққанда ашыту, ауырсыну және жайсыздық сезімдеріне шағымданып келген. Ол амбулаториялық деңгейде бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдағанымен, айтарлықтай нәтиже болмаған.

Түркістан қалалық орталық ауруханасында жүргізілген жан-жақты диагностикалық тексерулер барысында қуық ішінде көп мөлшерде тас бар екені анықталды. Дәрігерлердің шешімімен науқасқа тері арқылы жасалатын «цистолитотрипсия» операциясы жүргізілді.

Screenshot_3.jpg

Screenshot_2.jpg

Screenshot_4.jpg

Аталған әдіс – шағын инвазивті хирургиялық тәсілдердің бірі. Тілік көлемі небәрі 1 сантиметрді құрайды, ал оңалту кезеңі мен стационарда жату мерзімі қысқа. Ота барысында қуықтан 80 тас алынды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Үшінші тәулікте урологиялық катетер алынып, бесінші күні жағдайы жақсарған науқас үйіне шығарылды.

Мамандардың айтуынша, бұл жағдай заманауи медициналық технологиялардың, білікті дәрігерлердің және уақытылы көрсетілген көмектің нәтижелі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Шымкентте 7 жастағы оқушыға «тиісті» деген күдікпен мұғалім ұсталды
Еңбек министрлігінің атынан жалған ақпарат тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу